Қазақстан футзал Суперлигасы Sport+ арнасында: «Аят» – «Бәйтерек» матчының тікелей эфирі
Қазақстан футзал Суперлигасы қарқын алып келеді, командалардың басым бөлігі екі матчтан өткізіп үлгерді.
Бүгін «Аят» (Рудный) мен «Бәйтерек» (Орал) командалары екінші кездесуін өткізеді.
Кеше қос команда арасындағы алғашқы матч 4:4 есебімен тең аяқталды.
Матч сағат 19:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.