Қазақстан фристайл-акробатикадан Канадададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады: нәтижелер
Канаданың Лак-Бопор қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күні Шерзод Хаширбаев — 24-орын, Ұланбәкір Өмірзақов — 30-орын, Асылхан Асан — 31-орын, Дінмұхамед Райымқұлов — 32-орын, Роман Иванов — 33-орын, Аяна Жолдас — 28-орынға тұрақтады.
Араға бір күн салып өткен сайыста қазақстандықтардың көрсеткіштері төмендегідей болды:
— Асылхан Асан — 15-орын,
— Шерзод Хаширбаев — 24-орын,
— Роман Иванов — 27-орын,
— Дінмұхамед Райымқұлов — 30-орын,
— Ұланбәкір Өмірзақов — 36-орын,
— Аяна Жолдас — 26-орын.