Қазақстан дзюдо федерациясы Олимпиададағы жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді қомақты сыйақымен марапаттады
Алматыда Париждегі Олимпиададағы жетістіктері үшін қазақстандық дзюдошылар мен олардың бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Спортшыларды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев марапаттады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке Астанадан 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталса, ойындардың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа 1 бөлмелі пәтер берілді. Бесінші орын алған Әбиба Әбужақыноваға 5 млн теңге сыйақы берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының бапкерлері, спортшылардың жеке бапкерлері, кеңесші жаттықтырушылар және Қазақстан құрамасының ғылыми-кешенді тобының өкілдері — дәрігерлер, массажисттер 2-3 млн теңгеге дейін ақшалай сертификаттармен марапатталды.