Қазақстан әйелдер құрамасы ФИФА әлемдік рейтингінде 16 сатыға жоғарылады
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусь құрамасына қарсы жеңістің арқасында 32,43 ұпай қосып, ФИФА рейтингінде 16 сатыға жоғарылап, 97-орынға тұрақтады.
2027 жылғы әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы С лигасының 6-тобында екінші орында келеді. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері плей-офф кезеңіне жолдама алу және В лигасына көтерілу үшін күресуде.