logo

Қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» басталды

Қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» басталды

Бүгін Қарағандыда қазақ күресінен ересектер арасында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диханбай Биткөзовтың жүлдесіне арналған «Сарыарқа батырлары» Азия кубогы басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін республикалық деңгейде өткен турнир биыл Азия кубогы деңгейінде ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан және Моңғолияның спортшылары жиналды.

Азия Кубогының қомақты жүлде қоры бар: әр салмақта бірінші орынға - 400 000 теңге, екінші орынға - 250 000 теңге және үшінші орынға - 100 000 теңге. Сондай-ақ, жеңімпаздың бапкеріне 400 000 теңге қарастырылған.

Қазақ күресінен жарыс 30 сәуір күні аяқталады. Айта кетсек, Диқанбай Биткөзов қазақ күресінен әлемдік дәрежедегі жаттықтырушылардың бірі. «ФИЛА» және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, КСРО дене шынықтыру және спорт ісінің үздігі, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Диқанбай Дүржанұлы бүгінге дейін әлем және құрылық чемпиондары бастаған 20-дан астам халықаралық дәрежедегі және 200-ден астам спорт шеберін баптаған. Ел ағасы қазақ күресінен 2 Әлем чемпионын және 8 Азия жеңімпазын баптап шығарды.