logo

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды

Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті, деп хабарлайды Sport+ Ақорадаға сілтеме жасай отырып.

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды. IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.