logo

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әлемдік додаларда алтын және қола жүлделерге ие болды

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әлемдік додаларда алтын және қола жүлделерге ие болды

ҚМА қызметкері Мереке Жүнісова Пенчак-силаттан Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport +.

7-16 қазан аралығында Өзбекстанның Бухара қаласында Пенчак-силаттан жастар мен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Жарысқа 15 мемлекеттен 450-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасынан 62 спортшы бақ сынап, Мереке Жүнісова алтыннан алқа тағынды.

Пенчак-силатиндонезиялық және малайзиялық жекпе-жек өнерінің жалпы атауы.

Мереке Жүнісова - қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жүлдегері, Дүниежүзілік панкратион ойындарының жеңімпазы, Қазақстандағы жалғыз 2 дүркін Азия чемпионы.

Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі спорт шебері ел ішінде таэквондо, панкратион, қоян-қолтық ұрыстан бірнеше рет чемпион атанған.

Сондай-ақ, биыл 24-28 қазан аралығында Ираклион (Греция) қаласында Джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.

Халықаралық турнирге әлемнің 68 елінен 950 спортшы қатысты.

Чемпионатқа ҚМА қызметкері Ғалымжан Қатбаев Қазақстан құрамасы сапында бақ сынап, 85 келі салмақ дәрежесінде Ju-Jitsu Contact, Fighting бойынша қола жүлдеге ие болды.

Ғалымжан Қатбаевхалықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, үш дүркін Азия чемпионы. Қоян-қолтық ұрыс, жекпе-жек, ​​жауынгерлік самбо, жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы.