logo

«Қайсар» чилилік футболшымен келісімшарт жасасты

«Қайсар» чилилік футболшымен келісімшарт жасасты

Қызылордалық «Қайсар» клубы 28 жастағы чилилік вингер Томас Джонспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Томас Джонс Чилидің Провиденсия қаласында дүниеге келген. «Қайсарға» ауысқанға дейін ол жергілікті «Депортес Копьяпо» клубының намысын қорғап, 34 матчта 14 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Жалпы кәсіби мансабында 179 ойын өткізіп, 35 гол мен 18 нәтижелі ассист тіркеді.