«Қайрат» Жоао Паулоның хет-тригі арқасында жеңіске жетті
Алматыда Olimpbet Премьер-Лиганың 23-туры аясында «Қайрат» пен «Тұран» арасындағы матчы аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойын алматылық клубтың 5:1 есебімен үлкен жеңісімен аяқталды. Голдарды Гиорги Зария, Жоао Пауло (хет-трик) соқты, сонымен қатар Иван Хомуха автогол авторы атанды.
Қонақтар құрамында команда капитаны Никола Цуцкич нәтижелі соққымен көзге түсті.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 38 ұпай жинап, чемпионаттың турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілуге мүмкіндік алды.