logo

«Қайрат» «Слованға» қарсы ойнауы мүмкін

«Қайрат» «Слованға» қарсы ойнауы мүмкін

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл кезеңге алматылық «Қайрат» та қатысады.

Финляндиялық КуПС-пен өтетін кездесуде жеңіске жеткен жағдайда, алматылықтар Словакиялық «Слован» мен Босния және Герцеговиналық «Зриньски» жұбының жеңімпазымен ойнайды.

«Қайрат» пен КуПС арасындағы алғашқы матч 22 шілдеде Финляндияда өтеді.



Күн шежіресі