«Қайрат» сербиялық ойыншымен толығады
24-жасар сербиялық жартылай қорғаушы Юг Станоев мансабын «Қайратта» жалғастырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ресейлік журналист Иван Карповтың айтуынша, алматылықтар ойыншыны 200 мың еуроға сатып алмақшы.
Станоев - «Црвена Звезда» клубының түлегі. Бұған дейін ол тек Сербия клубтарында өнер көрсеткен: «Графичар», «Бачка Топола» және «Спартак».
Айта кетейік, «Қайрат» бас бапкері Александр Кержаков сербиялықпен бірге «Спартакта» жұмыс істеген.