logo

«Қайрат» қатарына бразилиялық шабуылшыны қосты

«Қайрат» қатарына бразилиялық шабуылшыны қосты

Бразилиялық шабуылшы Эдмилсон алматылық «Қайрат» клубымен келісімшарқа отырды, деп хабарлайды Sport+.

Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында дүниеге келген. Алғашқы қадамдарын футболда «Вело Клубе» командасында жасаған. 2019 бен 2023 жылдар аралығында Португалияның «Марко 09» және «Вилаверденсе» клубтарында ойнаған.

Соңғы екі жыл бойы ол Словенияның «Целе» клубының намысын қорғады. Бұл командамен бірге ел чемпионаты мен кубогын жеңіп алды. УЕФА Конференциялар лигасының өткен маусымында Эдмилсон командасымен бірге турнирдің ширек финалына дейін жетіп, барлық 12 матчта өнер көрсетті. Жалпы «Целе» сапында 73 матч өткізіп, 19 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.

Келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін есептелген.