«Қайрат» футболшылары Қазақстан құрамасының жолдастық матчына қатыспайды
«Қайрат» футбол клубының ойыншылары Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов, Дамир Қасаболат және Дастан Сатпаев Бельгия құрамасына қарсы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчын өткізгеннен кейін алматылық клубтың сапына оралады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл шешім алматылық команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы Данияның «Копенгаген» клубына қарсы матчына дайындықпен байланысты. Аталмыш ойын 26 қараша күні өтеді. Сондықтан олар Қазақстан құрамасының Хорватияда өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуін өткізіп алады.