«Қайрат» ФК – 2025 жылғы Қазақстан чемпионы
Алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Астанамен» 1:1 есебімен тең түсті.
«Қайрат» сапында жалғыз допты Дастан Сатпаев соқса, елордалық ұжым сапында Марин Томасов қанжығасын майлады.
Осылайша, алматылықтар чемпиондық атағын қорғап қалды, ал «Астана» үшінші жыл қатарынан маусымды күміс жүлдемен аяқтады.
Қоланы «Тобыл» жеңіп алды, ал «Елімай» алғаш рет Конференциялар лигасына жолдама алып, чемпионатты 4-орында аяқтады.