«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғашқы матч өткізді

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Рафаэль Уразбахтиннің командасы сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» 1:4 есебімен жол берді. Алматылық команданың жалғыз голын шабуылшы Эдмилсон соқты.
Айта кету керек, бірінші таймда «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза пенальти қайтарды.