logo

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шықты

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шықты

Қазақстан чемпионы Люблянадағы алғашқы матчта 1:1 есебімен тең ойнап, бүгін Алматыда өткен қарымта кездесуде «Олимпияны» сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Алматылықтар ойынның тағдырын алғашқы таймда-ақ шешіп тастады. Кездесудің басты қаһарманы португалиялық Жоржиньо болды — ол 5-минутта есеп ашты, ал 31-минутта 21 жастағы қазақстандық Александр Мрынскийге нәтижелі пас шығарып берді. Қорытынды есеп — 2:0.

Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Қайрат» КуПС (Финляндия) — Милсами (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы ойында фин командасы өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Қарымта кездесу бүгін Астана уақытымен 22:00–де басталады.

Екінші кезеңнің ойындары 22/23 және 29/30 шілде күндері өтеді. «Қайрат» алғашқы ойынды сырт алаңда өткізеді.