«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Левскиден» минималды есеппен жеңілді
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта алматылық «Қайрат» Болгария чемпионатының көшбасшысы «Левскиге» 0:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесудегі жалғыз гол 92-минутта бразилиялық Сержиньоның еншісіне жазылды.
Енді командалар қарымта матч өткізеді. Жауапты кездесу бір аптадан кейін Түркістанда өтеді.