logo

Қабирхан да қатысады: Қазақтан шыққан тұңғыш шабандоз Дубайдағы әлем кубогіне бақ сынайды

Қабирхан да қатысады: Қазақтан шыққан тұңғыш шабандоз Дубайдағы әлем кубогіне бақ сынайды

Қазақстандық шабандоз Бауыржан Мырзабаев 30 наурызда Dubai World Cup 2024 жарысында бақ сынайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Dubai World Cup сайысында Бауыржан Мырзабаев Dura Erede атты сәйгүлікті тізгіндемек. Бұл жарысқа қазақстандық тұлпар Қабирхан да қатысады. Ол ирландиялық жокей Пэт Доббспен бірге сынға түседі.

Қабирханның жаттықтырушысы Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев 2 наурызда өтетін G2 Maktoum Classic жарысына қатысудан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды шешкен болатын.



Күн шежіресі