ПСВ 9-шы қосымша минутта жеңісті жұлып алды (видео)

«Фейеноорд» Нидерланд чемпионатының 32-турында ПСВ командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.
Роттердамдық команда есепті 5-минутта Игор Пайшаоның голымен ашты. 10-минутта Живайро Рид алаң иелерінің басымдығын екі еселеді. 50-минутта қонақтар бір голды қайтарды — Иван Перишич көзге түсті. 73-минутта Ноа Ланг есепті теңестірді. 90-минутта алаң иелері сапынан Рид қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды, ал 90+9-минутта Ланг дубль жасап, ПСВ-ге жеңіс сыйлады.
Осы матчтан кейін «Фейеноорд» 65 ұпаймен 3-орында тұр, ал ПСВ — 2-орында.