«Порту» аутсайдерді жеңіп, үздік үштік қатарында өз орнын нығайтты (видео)

Португалия чемпионатының 33-туры аясында «Порту» лиганың аутсайдері «Боавиштаны» 2:1 есебімен жеңіп, Примейра турнир кестесінде үшінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Sport+.
Қонақтар сапынан Родриго Мора мен Иван Маркано көзге түсті, ал алаң иелерінен жалғыз голды пенальтиден Мигел Рейзиньо соқты.