Павлодарда бәйгеден Қазақстан чемпионатының алтыншы кезеңі өтті

Павлодарда OLIMPBET қолдауымен Қазақстанның Бәйге чемпионатының 6-туры өтті, деп хабарлайды Sport+.
ТОП-Бәйгеде Құралайға тең келер жүйрік болмады (шабандоз — Нұржігіт Разақ, жылқы иесі — Нұрлан Сатыбалдыев).
Үшқыр бәйгеде жеңісті Арнұр Саматұлы Эврит есімді тұлпарымен (жылқы иесі — Мұхамбет Пайдин) иеленді.
Аламан бәйгеде бірінші орынды Құмісбек Ерұлтан Айторы есімді тұлпарымен жеңіп алса, Құнан бәйгеде жеңіс Ілеөбек Дамирге Жұмбақ есімді тұлпарымен бұйырды.