Парадзюдодан Grand Prix: алғашқы күні Қазақстан спортшыларында 6 жүлде
Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Grand Prix жарысының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ерлер арасында J2 санаты 81 келі салмақ финалында, Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлы Британдық Еван Молойға есе жіберіп, күміс еншіледі.
Сонымен қатар, J1 санатында 70 келі салмақта қазақстандық қос спортшы Темірболат Ташкенов және Асылан Нұрдәулетов қола медаль үшін белдесіп, қортындысында Нұрдәулетовтың мерейі үстем болды.
J1 санаты 81 келі салмақта Бауржан Арстанбеков отандасы Ерболат Бекентаевты жеңіп, қола медалға ие болды.
J1 санатының 64 келі салмағында татамиге шыққан Айдын Мүтәліп күміс медальды қанағат тұтты.
Әйелдер арасында, Айназ Құралова (J1 — 46 келі) мен Альфия Тілекқабыл (J1 — 52 келі) күміс жүлде жеңіп алды.