logo

Пара дзюдошылар Түркиядағы турнирде қос жүлде иеленді

Пара дзюдошылар Түркиядағы турнирде қос жүлде иеленді

Антальяда (Түркия) пара дзюдодан Grand Prix-2024 халықаралық турнирі басталып, алғашқы күні қазақстандық балуандар жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

Қазақстан құрамасының лидері Ерғали Шамей 73 келіде (J1) қола жүлдегер атанса, әйелдер арасында 57 келіде (J2) Даяна Федосова үшінші орынға тұрақтады.

Жарыс 4 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан командасы сапында 10 ер мен жеті әйел спортшы. 



Күн шежіресі