Өзімде қола, әйелімде күміс: Қанат Ислам әйелінің жетістігімен мақтанды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам әйелінің көп балалы ана ретінде «Күміс алқасы» барын атады, деп хабарлайды Sport +.
Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.
«Отбасымызда бір ерекшелік бар. Сүйікті жан жарым «Күміс алқаның иегері» . Бұндай сыйлық санаулы ғана ерлерде бар шығар», - деді Қанат Ислам.
Қанат Ислам әуесқой бокстан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Кейін ол Қытайдан Қазақстанға оралып, кәсіпқой бокста өнер көрстетті. Алайда спортшы отызға жуық жекпе-жекте жеңіске жетсе де, бағасы биік белдік үшін кездесу өткізбеді.