Осимхенді «Галатасарайда» кім алмастырады? «Галатасарай» — «Коджаэлиспор» матчының трансляциясы

Осимхенді «Галатасарайда» кім алмастырады? «Галатасарай» — «Коджаэлиспор» матчының трансляциясы

«Галатасарай» жарақатына байланысты шабуыл шебіндегі басты күші Виктор Осимхеннен айырылды.

Шабуылдағы көшбасшысынсыз қалған «арыстандар» Чемпиондар лигасында «Спортингке» есе жіберді. Ал олардың келесі қарсыласы — Түркиядағы маусым басының басты сенсацияларының бірі «Коджаэлиспор».

Қарапайым клуб «Башакшехирден» жеңілгеннен кейін қатарынан үш рет жеңіске жетіп, қазір «Галатасарайдан» небәрі бір ұпайға қалып келеді.

Чемпиондар лигасындағы матчта шабуыл шебінде Барыш Йылмаз ойнады. Сонымен қатар көптеген жанкүйер команданың жұлдызды жаңа ойыншысы Рафаэл Леаудан гол күтуде. Алайда португалиялық футболшы әзірге қосалқы құрамнан алаңға шығып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Трансферлік терезенің жабылар сәтінде командаға қосылған Алексей Батраков та әзірге гол немесе нәтижелі паспен ерекшеленген жоқ.

«Галатасарай» — «Коджаэлиспор» матчы сағат 22:00–де басталады.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі