Осей Барнс Астаналық атанды
«Астана» футбол клубы ганалық жартылай қорғаушы Осей Барнспен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клуб баспасөз-қызметі.
Осей Барнс – португалиялық «Пасуш де Феррейра» клубының түлегі. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Грузия астанасының «Динамосы» болды. Оның сапында ел чемпионы атанып, Грузия суперкубогында жеңіске жетті. Бұл команда қатарында 11 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
Бір жылға жасалған келісшартта мерзімді тағы бір маусымға ұзартуға болатын бөлім қарастырылған.