logo

«Ордабасының» Чемпиондар Лигасындағы алғашқы матчында хорватиялық мамандар төрелік етеді

«Ордабасының» Чемпиондар Лигасындағы алғашқы матчында хорватиялық мамандар төрелік етеді

Патрик Коларич бастаған Хорватия төрешілер тобы УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу раунды аясындағы «Ордабасы» – «Петрокуб» (Молдова) матчында төрелік етеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Рефери: Патрик Коларич;

Рефери көмекшілері: Лука Пайич, Иван Старчевич;

Төртінші рефери: Дарио Бель (барлығы – Хорватия).

Естеріңізге сала кетсек, «Ордабасы» және «Петрокуб» арасындағы матч 10 шілде 20:00де өтеді. Командалар Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында кездеседі.