«Ордабасыға» қарсы матч алдында «Жетісу» негізгі шабуылшысынан айырылды

Футбол клубы «Жетісу» ресейлік шабуылшы Руслан Боловтың командадан кеткенін хабарлады, деп жазады Sport+.
Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы биылғы маусымда 16 матч өткізіп, 4 голдың авторы атанды.
Самат Смақовтың шәкірттері келесі матчты 20 шілдеде «Ордабасыға» қарсы өткізеді. Ойын тікелей эфирде Sport+ арнасынан көрсетіледі.