logo

«Ордабасы» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа қол қойды

«Ордабасы» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа қол қойды

Шымкенттік «Ордабасы» 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Эльхан Астановтың оралғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Эльхан Астанов екі жыл бұрын «Ордабасыдан» «Астана» клубына ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде ол елордалық команда сапында 75 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Астанов негізгі құрам ойыншысы бола алмады, енді ол шымкенттік клубқа қайта оралды.



Күн шежіресі