«Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді (видео)

Футболдан Қазақстан чемпионатының 25-туры аясында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпес» командасын қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу нәтижесі — 7:1. «Ордабасы» құрамында қос-қостан голды Жоао Паулиньо мен Эльхан Астанов соқты, сондай-ақ Лука Имнадзе, Сергей Малый және Михай Капацына мергендік танытты. Қонақтар атынан жалғыз голды Дәурен Жұмат еншісіне жазды.