logo

«Оқжетпес» қорғанысын «Тұран» ойыншысымен күшейтті

«Оқжетпес» қорғанысын «Тұран» ойыншысымен күшейтті

Көкшетаулық «Оқжетпес» 23 жастағы қазақстандық қорғаушы Санжар Сатановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+.

«Атыраудың» түлегі Санжар Сатанов бұған дейін «Мақтаарал» және «Тұран» клубтарында ойнаған.

Өткен маусымда футболшы Түркістан командасы сапында барлық турнирлерде 21 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.