«Оқжетпес» Қазақстан чемпионымен келісімшарт жасасты
«Оқжетпес» клубы 29 жастағы беларусьтік шабуылшы Всеволод Садовскиймен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ көкшетаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Всеволод Садовский футболдағы жолын Минскінің «Динамо» академиясында бастап, кейін БАТЭ жүйесінде білімін жалғастырған. Ол мансабында Беларусьтің «Звезда-БГУ», «Энергетик-БГУ», «Динамо-Брест» және «Рух» клубтарында өнер көрсетті.
2022 жылы «Ордабасы» сапына ауысып, Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасап, ел чемпионы атанды. 2025 жылдың көктемінде Польшаның «Котвица» клубында ойнағаннан кейін елордалық «Жеңіс» командасына қосылды.
Садовский 2018 жылғы Беларусь Бірінші лигасының үздік сұрмергені атанған.