logo

Омарханов мансабында алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шықты (видео)

Омарханов мансабында алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шықты (видео)

Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында ересектер арасындағы жазғы Қазақстан чемпионатының алғашқы финалисі анықталды, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің екінші нөмірлі қатысушысы, ITF Juniors рейтингінде әлемнің 23-ракеткасы Әмір Омарханов ел біріншілігінің жартылай финалында қиын текетіресте Ислам Орынбасарды 6:2, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Ислам Орынбасар — АҚШ-тың Алабама штатындағы William Carey University колледжінің студенті, ол екі жыл қатарынан оқу орнының үздік теннисшісі атанған.

Финалда Әмір Григорий Ломакин мен Тимур Мәуленов арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!



Күн шежіресі