logo

Олжас Абраев Чемпиондар лигасы матчының делегаты болып тағайындалды

Олжас Абраев Чемпиондар лигасы матчының делегаты болып тағайындалды

Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының «Пюник» (Армения) пен «Динамо» (Минск, Беларусь) арасындағы іріктеу матчына делегат ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш матч 16-шілдеде Ереванда Республикалық стадионда өтеді.

Бұл матчқа төрешілер бригадасы Израильден тағайындалған, бас төреші — Снир Леви. Матч инспекторы - Мариан Рузбарский (Словакия)

Командалар арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталды.