Обамеянгтың голы Габон құрамасына Африка Ұлттар кубогында алғашқы жеңісін әкелмеді (видео)
Габон құрамасы Африка Ұлттары кубогының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Мозамбикке 2:3 есебімен жол берді.
Габон құрамасының сапынан голдардың бірін Пьер Обамеянг соқты, ал екінші голды Алекс Мускету-Мусонда өз есебіне жазды.
Мозамбик құрамасында Файсал Бангал, «Спортинг» клубының ойыншысы Жени Катамо және португалиялық «Санта-Клара» командасынан Диогу Калила гол авторлары атанды.