Нұрқожа Қайпанов: Мен үшін сәтсіз жекпе-жек
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын иелене алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
74 кг салмақта сынға түскен Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда Иран өкілі Йонес Эмамимен кездесіп, 11:0 есебімен жеңіліп қалды.
«Бұл Йонес Эмамимен бесінші жекпе-жегім және мен одан үшінші рет жеңіліп отырмын. Бәрі жақсы болды. Жаттығу жоғары деңгейде болды, тактика дұрыс құрылды. Бірақ бұл жекпе-жек мен үшін сәтсіз болды.
Барлығы жоспар бойынша болды, бапкерлермен бірге қарсыласты ұзақ зерттедік, бірақ текетірес кезінде бәрі басқаша болды. Мен шаршап та үлгерген жоқпын», – дейді көңілі қалған Қайпанов.
Айта кетейік, Нұрғожа Қайпанов – екі дүркін Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.