Нұралы Әліп «Зенитке» чемпионатта жеңіске жетуге көмектесті
Ресей чемпионатының 8-туры аясында «Зенит» сырт алаңда ЦСКА клубын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жалғыз голдың авторы 43 минутта Лусиано Гонду атанды.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бірінші таймынан кейін Вилмар Барриостың орнына шығып, ойын барысында сары қағазға ие болды.