Нұралы Әліп ұлттық құраманың алдағы ойындары жайында
«Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ұлттар Лигасы аясында өтетін алдағы матчтар жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
6 қыркүйек күні Алматыда Норвегияны қабылдап, 9 қыркүйек сырт алаңда Словениямен ойнаймыз.
«Жақсы көңіл күйдемін. Бас бапкеріміз — Станислав Черчесов. Осы ойындарда тактикаиыз қандай болатыны өзіме де қызық. Құрама жақсы нәтиге жетеді деген үміттемін, бұл болашаққа жақсы әсер етер еді» — деді Әліп «Матч ТВ» сұхбатында.