logo

Норвегия жұлдызы Эдегор жарақат алды

Норвегия жұлдызы Эдегор жарақат алды

Норвегия және «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор Ұлттар Лигасының екінші турында Австрияға қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Норвегия құрамасы Феликс Хюре мен Эрлинг Холандтың голдарының арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті. 67-минутта Эдегор тобығын қайырып алды, оның орнына алаңға Кристиан Торстведт шықты. Ойыншының жарақатының егжей-тегжейі тек медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Норвегия бірінші турда Қазақстанмен Алматыда 0:0 есебімен тең ойнады. Қазақстан екінші турда Словенияға сырт алаңда 0:3 есебімен жол берді.