logo

Назгүл Маратова Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды

Назгүл Маратова Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Назгүл Маратова Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam сериясындағы дзюдодан турнирде үшінші орын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 78 келіден астам салмақ дәрежесінде күресіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Үшінші орын үшін күресте ол үш ескерту алған Анастасия Холодилинадан (Ресей) басым болды.

Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық Карина Такиева «қола» үшін күрескен. Алайда ол Хелена Вуковичтен (Хорватия) жеңіліп қалды.