Нариман Құрбанов Алматыда үйлену тойын өткізді
Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Блогер Иван Червинскийдің жазуынша, Нариман Құрбановтың үйлену тойы Алматыда өткен.
Тойға Олимпиада, әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері де қатысқан.
«Бұл мен бұрын-соңды барған ең чемпиондық той болды», - деп жазды Червинский.
Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері.