«Наполи» қыста «Челси» ойыншысын өз қатарына қоспақ
«Наполи» басшылығы осы қаңтар айындағы трансферлік терезе барысында «Челсидің» италиялық орталық жартылай қорғаушысы Чезаре Казадейді өз сапына қосқысы келеді, деп хабарлайды Sport+.
Goal.com мәліметінше, Серия А-ның турнир кестесінде көш бастап тұрған «Наполи» осы маусымда чемпион болуды жоспарлап отыр. Команданың бас бапкері Антонио Конте Казадейдің трансфері командаға айтарлықтай күш қосатынына сенімді.
21 жастағы хавбек «Челсиге» 2022 жылдың тамыз айында қосылған. Оның ағылшын клубымен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың маусым айына дейін жарамды. Биылғы маусымда ол 6 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.