logo

Нағыз дерби: «Башакшехир» — «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

Нағыз дерби: «Башакшехир» — «Галатасарай» матчының тікелей эфирі

Ыстанбұлда қызу дерби өтеді: «Ыстанбұл Башакшехир» өз алаңында осы маусымда әлі жеңіліп көрмеген чемпион — «Галатасарайды» қабылдайды.

«Арыстандар» 8 турда тек «Бешікташпен» өткен ойында ғана (1:1) ұпай жоғалтты. Қазір олар 22 ұпаймен және 20:3 доп айырмашылығымен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Шабуылшы Мауро Икарди Суперлиганың соңғы 5 матчының 4-інде гол соқты.

Ал «Башакшехир» құрамында Шомуродов пен Файзуллаев ойнағанымен, әлі өз ойынын таба алмай келеді. Бас бапкердің ауысуы да әзірге нәтиже бермеді. Нури Шахин жаттықтырған 4 матчта команда тек 1 жеңіске жетті. Алайда ұлттық құрамаға байланысты үзіліс Ыстанбұл клубына оң әсерін тигізуі мүмкін.

Өткен маусымда «Галатасарай» екі дербиде де жеңіске жетті — 2:1 және 2:0. Жаңа кездесу 18 қазан күні сағат 21:00–де өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.