Мықтылар шайқасы: үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының тікелей эфирі
16–22 наурыз аралығында Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді.
Оған елдің жетекші спортшылары қатысады: Кирилл Герасименко, Алан Кұрманғалиев, Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Айдос Кенжигулов, Санжар Жұбанов, Анель Бахыт, Жанерке Кошкумбаева, Искендер Харки, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қазақстанның облыстарынан келген спортшылар қатысып, командалық, жеке, жұптық және аралас жұптар санатында медальдарды сарапқа салады.
Алғашқы жарыс күні облыстар арасындағы командалық біріншілік өтеді.
Жарыстың басталуы — сағат 10:00–де.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube-тегі sportplus_qaz арнасында көрсетіледі.