«Монстрдың» абсолют үшін жекпе-жегі тікелей эфирде Sport+ арнасында. Иноуэ мен Карденас арасындағы жекпе-жектің тікелей эфирі

5 мамырға қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» аренасында Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтеді.
Кештің басты оқиғасы – екінші жеңіл салмақтағы (55,3 кг дейін) әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек. Рингте жапониялық абсолютті әлем чемпионы Наоя «Монстр» Иноуэ (29–0, 26 КО) мен америкалық Рамон Карденас (26–1, 14 КО) кездеседі.
Басты кардта бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия (44–2, 35 КО) мен франциялық Бруно Сураче (26–0–2, 5 КО) реванш өткізеді. Өткен жылдың желтоқсан айында мексикалық боксшы сенсациялық түрде нокаутпен жеңілген болатын.
Кештің толық кард тізімі:
Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO) - Рамон Карденас (26-1, 14 KO)
WBA, WBC, IBF және WBO нұсқалары бойынша екінші жеңіл салмақтағы (55,3 кг дейін) әлем чемпиондығы үшін жекпе-жек
Рафаэль Эспиноса (26-0, 22 KO) - Эдвард Васкес (17-2, 4 KO)
WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы (57,2 кг дейін) әлем чемпиондығы үшін жекпе-жек
Роан Поланко (15-0, 10 KO) - Фабиан Майдана (24-3, 18 KO)
10 раундтық жекпе-жек жартылай орта салмақта (66,7 кг дейін)
Эмилиано Варгас (13-0, 11 KO) - Хуан Леон (11-2-1, 2 KO)
8 раундтық жекпе-жек жеңілдеу салмақта (63,5 кг дейін)
Раис Алим (21-1, 12 KO) - Руди Гарсия (13-1-1, 2 KO)
10 раундтық жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта (57,2 кг дейін)
Микито Накано (12-0, 11 KO) - Педро Маркес (16-1, 10 KO)
10 раундтық жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта (57,2 кг дейін)
Арт Баррера, кіші (8-0, 6 KO) - Хуан Карлос Гуэрра (6-1-1, 2 KO)
6 раундтық жекпе-жек бірінші орта салмақта (69,9 кг дейін)
Патрик О’Коннор (дебют) - Маркус Смит (2-1, 2 KO)
4 раундтық жекпе-жек ауыр салмақта (90,7 кг дейін)
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.
Трансляция сағат 5:00-де басталады. Иноуэ мен Карденастың рингке шығуы 08:00-ден ерте болмайды.