logo

Михал Билектің қарамағында доп тепті: «Атырау» Конго құрамасының футболшысымен толықты

Михал Билектің қарамағында доп тепті: «Атырау» Конго құрамасының футболшысымен толықты

«Атырау» футбол клубы Конго құрамасының бұрынғы шабуылшысы Джоэль Каямбамен келісімшартқа отырғаны туралы ресми жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

31-жасар футболшы соңғы екі маусымды түрік екінші лигасында «Болуспор» клубында өнер көрсетті. Сонымен қатар Каямба ұзақ уақыт бойы чехиялық «Виктория Плзень» командасының намысын қорғады және бірнеше рет осы клубтың сапында Чехия чемпионатының вице-чемпионы атанды.

Аталмыш клуб сапында ол Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Михал Билекпен жұмыс жасады.

Конго құрамасы сапында футболшы 7 матч өткізді.