logo

Министрлік: Алматының Орталық стадионы УЕФА стандарттарына сәйкес

Министрлік: Алматының Орталық стадионы УЕФА стандарттарына сәйкес

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі Алматы Орталық стадионы УЕФА стандарттарына сай екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+. 

Алматы қаласы спорттық нысандар дирекциясының ресми хабарландыруында: 

«Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына толық жауап береді: футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар аттестаттаудан өтіп, халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.

Бұрын кездескен кейбір кемшіліктер — сынған орындықтар немесе ескірген әжетханалар — стадионның жасына ғана емес, сонымен қатар кейбір көрермендердің нысан мүлкіне ұқыпсыз қарауына да байланысты болды. Әр матчтан кейін орындықтардың едәуір бөлігі жарамсыз күйге түсетіндіктен, оларды тексеру және ауыстыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Қазіргі таңда бұл мәселелер қатаң бақылауда – орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жасалса, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Алдағы «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчы үшін Орталық стадион толық дайын болады: абаттандыру шаралары аяқталды, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, ең жоғарғы деңгейдегі матчтарды өткізу үшін барлық халықаралық нормаларға сәйкестік қамтамасыз етілді», — делінген. 



Күн шежіресі