Милош Раичкович "Ақтөбеден" кетті
Черногориялық жартылай қорғаушы Милош Раичкович келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты “Ақтөбеден” кетті, деп хабарлайды "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз-қызметі.
30 жастағы ойыншы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында 30 ойынға қатысып, екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ “Ақтөбемен” бірге Қазақстан чемпионатының қола медалін иеленді.