Микаэль Аскаров «Сморгонь» командасына Беларусь Жоғарғы лигасында қалуға көмектесті
Беларусь Жоғарғы лигасының 28-турында «Сморгонь» қонақта «Слуцк» командасымен 0:0 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Sport+.
«Сморгонь» қорғаушысы Микаэль Аскаров негізгі құрамда алаңға шығып, ойын соңына таман алмастырылды.
Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда қазақстандық ойыншының командасы Беларусь Жоғарғы лигасындағы орнын сақтап қалды.