logo

Мейірлан Максим төрт дүркін әлем чемпионына жол берді

Мейірлан Максим төрт дүркін әлем чемпионына жол берді

Қазақстан құрамасының өкілі Мейірлан Максим Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.

Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалға дейін жетті.

Аталған кезеңде оның қарсыласы жапониялық төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) Гоки Тадзима болды.

Жапон балуаны бұл белдесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Айта кетейік, қазақстандық спортшы жарақат алып қалды.

Осылайша, жарыстың тағы бір күні Қазақстан құрамасы үшін жүлдесіз аяқталды.

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған болатын.